ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2019 | 12:25
Шымкентте шенеунік мейрамханада пара алып жатқан жерінен ұсталды
Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ол алты ветеринарлық сертификат бергені үшін жеке компания директорынан 120 мың теңге алды деп күдікке ілінді. Қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәліметінше, ол Шымкент ветеринарлық қызметі дәрігерінің делдалдығымен әрекет еткен.
"Күдіктілер кінәсін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау жүргізілген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот арқылы шығарылатын болады", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также