03 қазан 2019 | 12:57

Шымкентте шенеунікке алаяқтық бойынша айып тағылды

Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы алаяқтық жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы алаяқтық жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен қалалық статистика департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Реклама
Реклама

Ол Департаменттің баға статистикасы басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастырамын деп азаматтан 450 мың теңге сомасында ақшаны алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная