ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2020 | 14:00
Шымкентте сотты болғандар тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл жасаған
Шымкентте пробация қызметінде есепте тұрған 30 жастағы ер адам екі сыбайласымен тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте пробация қызметінде есепте тұрған 30 жастағы ер адам екі сыбайласымен тергеу изоляторының қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға Қазығұрт шағын ауданындағы дүкеннің маңында болған.
"Таңертең мен аялдамада тұрған болатынмын. Содан маска таққан үш ер адам маған жақындап, пышақпен қорқытып, мені бейнебақылау камералары жоқ дүкенге алып келді. Олар маған денсаулығына ауыр зардаптар келтіремін деп қорқытты. Олардың екеуі менің қолымды ұстады,үшіншісі мені басымен ұрып жіберді. Содан мен олардың біреуінің қолын бұрап алдым, сосын олар қашып кетті. Lada Priora маркалы қара көлікке отырды, нөмірлерді көріп, 102-ге қоңырау шалдым", - дейді тергеу изоляторының қызметкері.
Комитеттегілер ұрлық жасағаны үшін бас бостандығын шектеуге сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған ер адам шабуыл жасағандығы анықтады. Тергеу кезеңінде ол тергеу изоляторында алты айдан аса уақыт болған.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также