20 мамыр 2022 | 10:05

Шымкентте такси жүргізушісі жолаушыларды алдап, 1,5 миллион теңгесін алып қойған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©Тұрар Қазанғапов

Шымкентте такси жүргізушісі жолаушыларды алдап, 1,5 миллион теңгесін алып қойған, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте такси жүргізушісі жолаушыларды алдап, 1,5 миллион теңгесін алып қойған, - деп хабарлайды Polisia.kz

Такси жүргізушісі жолаушыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектескен. Оның "қызметі" 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған. 7 азамат алаяқтың сөзіне сеніп, оған 1 миллион 585 мың теңге көлемінде ақша берген.

Алаяқтық деректері бойынша полицейлер бірқатар жедел іс-шара өткізген: жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынып, ақша аударымдары чектері тексерілген. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталып, тұрғылықты жері бойынша ұсталған.

Реклама
Реклама

"Тергеу әрекеттері аяқталған соң қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін сот үкімімен ер адамға 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная