04 мамыр 2019 12:04

Шымкентте теракт жайлы жалған хабар берген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "теракт ұйымдастырамын" деп жалған хабар берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте "теракт ұйымдастырамын" деп жалған хабар берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Таяуда түнгі сағат 00.15 шамасында Шымкент қалалық полиция департаментінің 102 нөміріне белгісіз ер адам "теракт ұйымдастырамын" деп хабарлаған.

"Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ер адамды дер кезінде анықтап, ұстады. Ол Шымкент қаласы Тассай елді мекенінің тұрғыны болып шықты", - делінген полицияның хабарламасында.

Осы дерекке ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети