08 қаңтар 2020 17:55

Шымкентте төбелескен екі топ атыс шығарды

Тұрар Қазанғапов

Шымкенттегі кафелердің бірінде жанжалдасқан екі топ арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі кафелердің бірінде жанжалдасқан екі топ арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал шыққан. Оқиға барысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 3-бабы "адам өлтіруге оқталу", "бұзақылық" және "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram