ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 10:09
Шымкентте төбелескен тергеушіге қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Шымкентте төбелескен тергеушіге қатысты істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды ktk.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте төбелескен тергеушіге қатысты істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды ktk.kz.
8 мамырда тергеушілер мейрамхана алдында сөйлесіп тұрған. Осы кезде екінші жедел басқарманың бастығы Бақтияр Ахметжанов тергеуші Мырзабек Тойлыбаевқа жұдырық ала жүгіреді. Соққыдан қашып үлгерген тергеуші Ахметжановтың өзін ұрып жығып, баспалдаққа баспен құлатқан. Ауыр жарақат алған Бақтияр Ахметжанов ауруханада ес-түссіз жатыр. Ал тергеуші қамауға алынған.
Тергеушілерге қатысты Қаржы мониторингі агенттігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары да істің ақ-қарасын анықтау үстінде.
"Бұл іс 8 мамырда Шымкент қаласы әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-ның 106-бабы 1-бөлігімен тіркеуге алынды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Соталды тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкеріне қатысты соталды тергеу басталғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также