Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары өз әйелін сабаған ер адамды ұстады

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары өз әйелін сабаған ер адамды ұстады © "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Шымкентте ?йелін сабап, ?ашып кетпек бол?ан ер адамды ?лтты? ?лан сарбаздары ?стап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "О?т?стік" ??ірлік ?олбасшылы?ыны? баспас?з ?ызметіні? ?кілі Айдос Байша?ыров?а сілтеме жасап.

Шымкентте әйелін сабап, қашып кетпек болған ер адамды Ұлттық ұлан сарбаздары ұстап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің өкілі Айдос Байшағыровқа сілтеме жасап.

"2017 жылғы 24 қаңтарда шамамен сағат 19.30-да байланыс құралдары арқылы Шымкент қаласының 102 нөміріне Темірлан көшесінде белгісіз ер адам әйелді ұрып жатқаны туралы ақпарат түседі. Ақпарат түсе салысымен бағыттары бойынша патрульде жүрген патрульдеу тобының бастығы Сапаржан Жақыбаев, кинология қызметі мамандар тобының аға маманы сержант Темірбек Қабылбеков және патрульдер қатардағылар Данияр Құсайынов пен Ғалымжан Сейсенов құрамындағы әскери жасақ тобы дереу оқиға болып жатқан орынға жетеді", - делінген хабарламада.

Оқиға болған жерге келіп жеткенде олар бір азаматшаны соққыға жыққан ер адамды байқайды. Олардың ерлі-зайыпты екені анықталды.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жүгіріп жетіп келген әскери жасақ тобын көргенде құқықбұзушы жігіт оқиға орнынан ізін суытпақшы болады. Сол сәтте оған қызметтік итті қолдану туралы ескерту жасалады. Жасалған ескертпеге құлақ аспаған құқықбұзушы азамат тоқтамай, қаша жөнеледі. Осы сәтте сержант Темірбек Қабылбеков Ральф есімді қызметтік итті қолданады. Соның арқасында ер адам ұсталады және Шымкент қалалық № 4 тіркеу пунктіне жеткізіледі.

Ал Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова бұл деректі растап отыр. Алайда 1966 жылғы әйелі күйеунің үстінен арыз жазудан бас тартқандықтан, ер адам босатылған. 

Әйелді күйеуінің соққысынан құтқарған әскери жасақ құрамы ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының құқығымен марапаттауға ұсынылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама