21 желтоқсан 2020 | 09:54

Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

Видеодан кадр

Дәрігерлер Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккен әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Реклама
Реклама

"Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелді бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Әйелге қажет медициналық көмек көрсетілген. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір учаскелік дәрігер үйіне барып қадағалап жатыр. Науқастың жағдайы - қанағаттанарлық. Әйелдің жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерлер мен психологтар шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная