28 қыркүйек 2020 | 11:06

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Скрин видео

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент аумағында қылмыстық топты ұстады. Олар алдын ала сөз байласып, тиісті қызметті көрсетпей, нақты жұмысты орындамай, ірі көлемде тауар жөнелтумен және шот-фактура жазып берумен айналысқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеріс барысында 40 миллион теңге, яғни 615 миллион теңге сомасында жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін жалпы сомманың 6,5 пайызы мөлшерінде сыйақы алып жатқан жерінде 4 адам ұсталған.

"Шымкент қаласы Абай аудандық соты күдіктілерді ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі  бойынша кінәлі деп таныды. Оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная