22 ақпан 2023 10:08

Шымкенттегі атыс кезінде күдіктіні ұстаған полицейге сыйақы берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шымкентте атыс шығарған күдіктіні дереу әрекет етіп ұстаған полицей Арман Әріпжановқа ерлігі үшін жалақысының екі еселенген көлемінде сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте атыс шығарған күдіктіні дереу әрекет етіп ұстаған полицей Арман Әріпжановқа ерлігі үшін жалақысының екі еселенген көлемінде сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын жерде жұмыста болған. Полиция капитаны көшеде атыс дауысын естіп, күдіктінің назарын аударып, оны ұстап алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қаруланған күдікті Арманды атып жібермек болған.

"Ол уақытта әріптесіммен жұмыста бейнебақылау камерасын қарап, ұрлау деректерін зерттеп жатқанбыз. Атысты естіп, бірден көшеге шықтым, студенттер көп жүрді, оларға қашу керегін айттым. Артынша, күдіктінің артынан жүріп, сол сәтті пайдаланып, патруль көлігінің қасында ұстап алдым. Сол кезде ол мені атып жібермек болды. Қорыққан жоқпын, өз жұмысымды істедім ғой. Бастысы, күдіктінің қаруын тартып алу керек болды", - дейді Арман Әріпжанов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram