11 ақпан 2022 15:03

Шымкенттегі тәртіпсіздіктер: қаңтар оқиғаларының видеохронологиясы жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Құқық қорғау органдары Шымкентте қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктің видеохронологиясын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдары Шымкентте қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктің видеохронологиясын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 4 қаңтарда Жаңаөзендегі наразылық аясында Шымкент қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерді пайдаланып, әкімдік ғимараты мен қала алаңдарында санкцияланбаған акциялар өткізу туралы жариялаған.

Реклама
Реклама

Сағат 00.30-да жалпы саны 6 мыңнан аса адамға жеткен наразылық білдірушілер қала әкімдігіне келіп, полицейлерге мақсатты түрде шабуыл жасай бастаған. Олар тастар мен қолда бар құралдарды қолданған. Көпшілігінде арматура, күрек пен пышақ болған.

Сағат 02.20-да тәртіпсіздікке қатысушылар полиция мен әскери бөлімнің машиналарын бүлдіріп, олардан арнайы құралдарды тартып ала бастаған. 62 қызметтік автокөлік бүлінген, оның 12-сі аударылып, 2-еуі өртенген, ҰҚКД-ның 1 арнайы көлігі қатты бүлінген.

Тәртіп сақшылары су шашатын көлік, жарық шуылды граната және резеңке таяқшалар қолданған. Азаматтар қала көшелерінен таратылып, қозғалыс қалпына келтірілген. Сол күні полицияға бес жүзге жуық адам жеткізілген.

5 қаңтарда полиция күні бойы наразылық шарасын өткізгендерге қарсы тұрған, бірақ сағат 20.00-де әкімдік маңында адамдар қайта жинала бастаған.

20.20-да Төле би және Қапал батыр көшелері қиылысында, 20.30-да Бәйтереков көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысында қозғалыс тоқтатылған. Арнайы құралдар көмегімен жиналғандар ығыстырылған. Олар қашып кеткен, бірақ кейін жолдарды қайта жабуға тырысқан. Наразылық білдірушілер арнайы көліктерге оқ ата бастаған.

22.10-ға қарай наразылық білдірушілердің жалпы саны 8000 адамға жеткен, қару-жарақ, Молотов коктейльдері, тастар және басқа да қолда бар құралдарды пайдаланып, әкімдікке қайта шабуылдай бастаған. Полиция қызметкерлері олардың көпшілігі мас күйде болғанын, сондықтан бұзақы әрі қатігез болғанын айтты.

6 қаңтарда таңға жақын қозғалыс қалпына келтірілген. Алаңдар, әкімшілік ғимараттар, қару-жарақ дүкендері, банк филиалдары, банкоматтарға күзет қойылған. Сол күні төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілген. Тәртіпсіздіктерден кейін полицияға 3520 адам жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram