23 сәуір 2020 | 14:39

Шымкенттік полицейлер адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүрген

Фото: Әлихан Сариев

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері шымкенттік полицейлердің адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері шымкенттік полицейлердің адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жол-патрульдік полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде ЖШС өкілінен оның блокбекеттен кедергісіз өтуі үшін және әкімшілік жазаға тартылмауы үшін 25 мың теңге мөлшерінде пара алған", - деді агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов.

Сондайа-ақ, Түркістан облысында да полиция қызметкерінің пара алғаны белгілі болды.

"Ол Түркістан облысы тұрғындарынан көшеде жаяу жүру үшін және "Таскешу" блокбекетінен өту үшін 15 мың теңге пара алған", - деді Жапақов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная