19 тамыз 2020 | 09:12

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Маусымда қамауға алынған Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Астана" арнасы мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы Асхат Жұмағали сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маусымда қамауға алынған Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Астана" арнасы мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы Асхат Жұмағали сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша мердігермен келісім жасап, оған қолдануға жарамсыз топографиялық карта үшін барлық ақшаны аударған.

Реклама
Реклама

"Бұл жалпы алғанда, мегаполис құрылысына қажет жер асты және жер үсті құрылыстардың картасы. Оның стратегиялық маңызы бар. Картаны жоспардағыдай жасаудың орнына оған бөлінген ақша ұрланған. Қазір карта қолданылмайды", - деді Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная