23 тамыз 2019 | 09:31

Сириядан эвакуацияланған қазақстандық әйел 5 жылға сотталды

Сот отырысы. © "Ферғана"

Ақтөбе соты алты жыл бұрын ДАИШ-ке қосылған 32 жастағы Ақмарал Әлмағамбетоваға (ДАИШ - тыйым салынған террористік ұйым) үкім шығарды, - деп хабаралайды "Ферғана" агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе соты алты жыл бұрын ДАИШ-ке қосылған 32 жастағы Ақмарал Әлмағамбетоваға (ДАИШ - тыйым салынған террористік ұйым) үкім шығарды, - деп хабаралайды "Ферғана" агенттігі.

Әлмағамбетова бес жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Реклама
Реклама

Тергеу кезінде айыпталушы процессуалдық келісім жасағысы келетінін хабарлаған. 

Әлмағамбетова биыл мамырда "Жусан" операциясы бойынша Сириядан Ақтауға депортацияланған болатын. Елге оралған бойда оны Ақтөбедеге УКА 168/1 бойынша колонияға ауыстырған, себебі 2014 жылы ол Ақтөбеде қылмыстық кодекстің 164 және 233-баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Әлмағамбетоваға терроризм мен экстремизді насихаттап, дінаралық араздықты қоздырды деп айып тағылған. 

Ақмарал Алмағамбетова Таяу Шығысқа 2013 жылы, ғаламтордағы радикал уағыздарды біраз тыңдағаннан кейін, сол жылы аттанған. Ақтөбеде ол күйеуімен бірге кәмелетке толмаған үш баласын тастап кеткен. Алдымен әйел Қырғызстанға барып, ол жерден Түркияға ұшып кеткен, ол арқылы ДАИШ-тың бақылауындағы аймаққа жеткен. 

Алдымен ол күйеуін күтіп, Whatsаpp-қа дауыстық хабарлама жіберген. Алайда, ол жауап бермеген. Қазақстанның арнайы қызметтерінің хабарлауынша, сараптама терроризмді насихаттайтын және діни араздықты қоздыратын белгілерді тапқан. Ол хабарламада әйел күйеуіне шейіт болғандығы және басқа ұлт пен дінге жат адамдарға төзе алмайтындығы туралы айтқан. 

ДАИШ төңірегінде Әлмағамбетова төрт рет тұрмысқа шығып, екі балалы болған. Екі күйеуі бомбалау кезінде қайтыс болған, қалған екеуінен өзі кетіп қалған. Ақтөбеге келгенде ол бомбалау операцияларына қатыспай, аспазшы болып қызмет еткенін айтқан. 

2016 жылы оның күйеуі Әлмағамбетованың із-түссіз жолғалып кеткені жайлы шағым түсірген. Процесс кезінде ол әйелімен ажырасып, басқа әйелге үйленгісі келетінін айтқан. Алайда оның бұл өтінішін сот қабылдамады.

22 тамызда ерлі-зайыптылар алты жыл ішінде бірінші рет сот залында кездескен. Алайда бір біріне тіке қарамаған. Сөйтсек, Әлмағамбетова әлі күнге дейін заңды некеде тұрған екен, бірақ ер адам бірнеше ай бойы басқа әйелмен тұрған.

Күйеуі үш баласының тұрғылықты жерін анықтауға байланысты мәселелерді анықтау үшін сотқа шақырылды. Олар әкесімен бірге тұрады, және сотталушының айтуынша, "ол балалардың әкесімен бірге қалатындығына қарсы емес".

Ал Сирияда туылған кішкентай екі бала екі апта бұрын мамандар олардан қан алып, Әлмағамбетованың өзі ДНҚ-ға тест жасады. Бұл процедураны мемлекет төледі. Сараптама олардың қарым-қатынасын анықтады, қазір балалардың туу туралы куәліктер дайындалып жатыр. Әлмағамбетова мерзімін өтеп шыққанға дейін олар мемлекет қамқорлығында болады, өйткені туыстарының ешқайсысы оларды өздеріне алуға ниет білдірмеген.

Шілденің аяғында №2 Ақтөбе соты "Жусан" арнайы операциясының аясында тағы бір қазақстандық әйелді бес жылға бас бостандығынан айырған. 29 жастағы Зарина Акмалаева терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деп айыпталған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная