ПОДЕЛИТЬСЯ
14 тамыз 2020 | 19:16
"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы екі айға қамалды
"СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Сыбай жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
Қалалық сот баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың хабарлауынша, Берік Шәріп енді екі ай қамауда болады.
"Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді ол.
Берік Шәріп 2020 жылы 21 сәуірде тегін медициналық көмектің көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьюторлық компанияның басшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін ол "СҚ-Фармацияның" басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2020 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также