09 сәуір 2021 17:06

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты іс прокуратураға жіберілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармация" басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармация" басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады және іс ҚІЖК-нің 300-бабы тәртібінде айыптау актісімен прокуратураға жіберілді. Өкінішке қарай басқа ақпаратты ҚІЖК-нің 201-бабы аясында жариялай алмаймын", - деді Биғайдаров брифингте.

2021 жылдың қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев компанияның бұрынғы басшысының ісі "жақын арада сотқа жіберілетінін" хабарлады.

Реклама
Реклама

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ұсталғаны 2020 жылғы тамызда белгілі болды.

Берік Шәріп тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор-компаниясының басшылығына 2020 жылғы 21 сәуірде келген.
2020 жылғы 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram