16 ақпан 2023 15:23

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 15 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсткен.

Аталған факт "Зорлау" бабы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Реклама
Реклама

"Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Аталған фак бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram