ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2020 | 12:38
СҚО-да аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші пара алды деген күдікке ілінді
Солтүстік Қазақстан облысында аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші болып қызмет еткен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысында аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші болып қызмет еткен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі полиция подполковнигі, аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ол тергеу барысында қылмыстық істі тоқтату үшін қылмыстық процеске қатысушылардың бірінен 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, іс жүзінде процесс қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған.
"Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, мәселені сотқа жедел түрде жіберуді жоспарлап отыр. Шешімді сот шығарады", - дейді Биғайдаров.
Показать комментарии
Читайте также