ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2019 | 11:27
СҚО-да тонналап астық ұрламақшы болған ер адам ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы егістіктен 21 тонна астықты ұрламақшы болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы егістіктен 21 тонна астықты ұрламақшы болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қырағылы, сондай-ақ күзетуде қолданылатын жаңа технологиялардың арқасында механизатордың жаңа астықты шығарудағы арам ойы жүзеге аспады.
"Оқиға орнына Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамның комбайннан астықты арнайы жалдаған "КАМАЗ" көлігіне тиегені белгілі болды. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тапсырыс берушінің қылмыстық ойы жайлы білмегенін айтты", - делінген хабарламада.
Тайынша ауданының тағы бір ауылында учаскелік инспектор "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үй-үйді аралау кезінде ауылшаруашылық өнімін ұрлауды ашқан. Полиция капитаны Рустам Қабысов Зеленый Гай селосы тұрғынының ауласынан 14 тюк шөпті тапқан, бұл шөптің Новодворовка селосындағы алқаптан ұрланғаны белгілі болды. Ұрланғандар иелеріне қайтарылды.
"20 тамыздан бастап облыста "Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Астық жинау науқаны кезінде тіркелген 39 ұрлықтың үшеуі ашылған жоқ. Ұрлықтың басым бөлігі астық өнімдерін, жанар-жағармай материалдарын, техника мен қосалқы бөлшектерді ұрлауға қатысты болды", - деді СҚО ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.
Показать комментарии
Читайте также