11 қараша 2022 08:35

СҚО-да түрмеде төбелес болып, бір адам қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда төбелес болып, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"9 қарашада №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болып, сотталғандардың бірі екіншісінің басын балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram