ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2023 | 09:31
"Сол ақшаны мен-ақ берер едім ғой". Алматы облысында мүгедек ер адамды өлтіріп кеткен
Алматы облысында 18 жастағы жігіт 40 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, оны ақшаға бола өлтірген. Оның артында 5 баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында 18 жастағы жігіт 40 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, оны ақшаға бола өлтірген. Оның артында 5 баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Кеше, 13 маусымда Алматы облысындағы Қарақыстақ ауылында кісі қолынан қаза тапқан 40 жастағы ер адамның жаназасы өтті. Марқұмның жақындары 11 маусымда бауырын ақша үшін қинап өлтіргенін айтты.
"Бауырым – екінші топтағы мүгедек. Кәмелет жасына толмаған 5 баласы, кәрі әке-шешесі бар. Аяқкиімінің бауын бір қолымен ұстап, тісімен байлап жүрген. Кінәлілер алыстан келген жоқ, қасында мал бағып жүрген балалар болуы мүмкін", - дейді марқұмның ағасы Бекмұрат Нүсіпханов.
Қорқынышты кадрларды мәйітті тапқан кезде жақындары жазып алған. "Жейдесі жыртылып, қанға малынған денесін ауыл шетіне итше тепкілеп тастап кетіпті" дейді жездесі. Соған қарағанда алдын ала өлтіріп, кейін осында әкелген болуы мүмкін деп отыр.
Марқұмның әйелі бұған дейін де күйеуінен ақша алғандар барын, оның шотында жатқан 2 миллион теңге ақшаны көріп, ізіне түскенін айтты.
"Бір рет 2 мың теңге, екінші рет 3 мың теңге сұрады, бердім" деп жүрген. Інісіндей көріп, сеніп жүрген қасындағы адам өлтіріп кетіпті", - деді марқұмның жары Алтынгүл Пияшы.
"Кемтар баламды 40 жасында өлтіріп кетті. Ақшаны бер, өлтірмеймін десе, сол ақшаны мен-ақ берер едім ғой. Баламды өлтіргенше, мені неге алмады?! Қылмыскерлерді ұстап жазаласын. Менің айтарым – осы", - деді марқұмның анасы Күлия Жақыпбек.
Қазір бұл іс бойынша тергеу басталған, күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2004 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также