13 тамыз 2024 | 11:06

Солтүстік Қазақстанда екі оқушы қыз зорланған

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Павлодар облысында екі жасөспірім қыз зорланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, ал оларға қиянат жасады деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында екі жасөспірім қыз зорланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, ал оларға қиянат жасады деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмағандарды зорлаудың екі оқиғасы туралы хабарлады. Ол зардап шеккен 15 және 17 жастағы оқушы қыздармен кездескен. Балалар омбудсменінің айтуынша, қыздардың ешқайсы өздеріне жасалған зорлық-зомбылықты ешкімге айтуға батылы жетпеген.

"Ол қыздардың жан дүниесінде, жүрегінде не болып жатыр? Олар қандай азапты бастан өткерді, қазір жағдайы қалай және алда қандай болады? Бұл физикалық жағдайы туралы да емес... Қыздардың бірі бірнеше күн бойы тіпті отыра алмағанын мойындады. Кеше көз жасына тұншығып, жан жарасын айтып жылаған қыздың діріл қаққан қолын ұстадым. Мен оған еш кінәсі жоқ екенін қайталап айта бердім", - деді Шәкенева.

Реклама
Реклама

Екі жағдай да бір ауылда, бір отбасы төңірегінде болғаны белгілі.

"Қыздарды зорлаған бір адам. 17 жастағы жәбірленушінің үлкен ағасы, "өгей әке" саналады, іс жүзінде 15 жастағы зардап шеккен қыздың анасымен бірге тұрады. Заңды және қанды түрде бұл екі түрлі отбасы, бірақ олар өздерін туыс деп санайды. Зорлады деген күдікті осы үлкен ағасының жақын досы, ол тіпті олардың үйінде түнеуге келіп жүрген", - деді Tengrinews.kz тілшісіне балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, ер адам 29-30 жаста.

"Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Қыздар ауырсынуға шағымданған. Сондықтан олар ауруханаға жатқызылды. Оларды мұқият тексеру керек, олармен мектеп педагог-психологы емес, тиісті мамандығы бар клиникалық психолог жұмыс істейді", - деп қосты Шакенева.

Tengrinews.kz тілшісі облыстық полицияның баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная