ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2017 | 12:03
Соңғы хат. Қостанайдағы станция басшысының өз-өзіне қол жұмсауына қатысты жаңа деректер анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюродағылар "Қостанай" станциясының бұрынғы басшысы Бауыржан Танкеевтің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты жаңа деректерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюродағылар "Қостанай" станциясының бұрынғы басшысы Бауыржан Танкеевтің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты жаңа деректерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, Бауыржан Танкеев 2017 жылдың 20-нан 21 ақпанына қараған түні асылып қалған болатын. Оның қасында өлімінің алдында жазып кеткен хаты болған еді. "Мен, Танкеев Бауыржан Серікбайұлы, осы өмірден кетіп бара жатырмын. Себебі, тергеу жүргізген кезде маған жұмысшылар тарапынан қысым түсті. Сондықтан да мен айтқан сөздерім мен түсініктемелерімнен бас тартамын (аудио, видео, жазбаша түрдегі). Менің берген түсініктемелерім бойынша ешкімді айыптамауларыңызды сұраймын. Мен мұнымен әрі қарай өмір сүре алмаймын. Танкеев Б.С. 21.02.2017. Біреуді реңжіткен болсам, кешіріңіздер".
Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің сауалға берген жауаптарында олардың экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Қозыбақов Сұңқарға және алаяқтық пен пара алу деректері мәселелері бойынша адвокат Мұхамеджанов Ерланға қатысты қылмыстық іс қозғағаны айтылады.
"Осы істе Танкеев зардап шегуші ретінде танылды. Ол Қозыбақов пен Мұхамеджановты әшкерелейтін түсініктер берді. Тергеу қорытындысы бойынша, Қозыбақов пен Мұхамеджановқа қатысты қылмыстық іс жедел түрде сотқа жіберілді", - деді ұлттық бюродағылар.
Олардың айтуынша, Қостанай облыстық ІІД Танкеевтің өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, қылмыстық істерге қатысты алдын ала сот отырысы 2017 жылдың 15 наурызына белгіленген.
Показать комментарии
Читайте также