ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2021 | 09:48
"Сорақы жағдай". Талғар ауруханасында науқастың туыстары дәрігерді ұрып-соққан
28 ақпанда, жексенбі күні таңертең Талғар ауданы орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың туыстары түнгі кезекшілікте болып, науқастарды қабылдаған хирургті ұрып-соқты. Бұл туралы блогер Жанар Құсайынова YouTube-тегі LIFE KZ арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мұнда сорақы жағдай болды. Қабылдау бөлмесінде дәрігерді ұрып кетті. Соқыршегін алып тастау қажет болып тұрған науқастың туыстары емдеу процесіне араласпақ болды. Мұнда былапыт сөз айтып, балағаттады... Пациенттер мен олардың туыстарының мұндай әрекеті дұрыс емес", - деді блогер.
Оның айтуынша, зардап шеккен дәрігер есінен танып, травматологиялық бөлімшеге тексерілуге жіберілген, компьютерлік томография жасаған.
"Мұндай деректер жариялануы тиіс және құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс. Дәрігерлер мен барлық медицина қызметкері мемлекетпен қорғалып, тыныш қана адамдардың денсаулығын сақтау мен өмірін құтқару бойынша өз функцияларын орындауы керек", - деп есептейді блогер.
Құқық қорғау органдары мен медицина мекемесі бұл оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также