03 мамыр 2015 17:13

Сот Қайрат Жамалиевті қамауда қалдырды

©Tengrinews.kz

Сот Қайрат Жамалиевті қамауда қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиевке сілтеме жасап.
 
"Бүгін Астана қаласының соты тергеушінің сұраған - Жамалиев Қайратқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу судьясының шығарған қаулысын өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарланған  Aitkaliyeva & Partners Lawyers адвокаттық конторасының Facebook желісінде.

Бұл жазбаға түсінік бере отырып, Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиев Tengrinews.kz тілшісіне Қайрат Жамалиевтің адвокатының тергеу судьясының қаулысына шағым түсіргенін мәлімдеді. Бұл шағым қанағаттандырылмады. Жамалиев қамауда отыр. Facebook желісіндегі хабарламада Жамалиевтің жаңа адвокат таңдағаны жазылған. "К.Жамалиевта жаңа адвокат - менің әріптесім, Шайхин Мұхамбетқали. Жақсы адвокат, өз ісін біледі. Күн сайын Әліби Жұмағұловтың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram