ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2021 | 15:27
Сот Қазақстандағы "ең ірі қаржы пирамидасы" ісін қосымша тергеуге қайтарды
Сот Questra World компаниясының "Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" туралы істі прокурорға қайтарды. Ақпаратты Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот Questra World компаниясының "Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" туралы істі прокурорға қайтарды. Ақпаратты Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты негізгі сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірген қылмыстық іс жүргізу заңнамасын елеулі бұзу деректері анықталуына байланысты қылмыстық істі қала прокурорына қайтарды", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі сауалына.
Сотталушы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың мүддесін қорғап жүрген Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Сейіт Рахманов қорғауындағы адам өзін кінәсіз деп жариялағанын айтты.
"Біз бұл қаржы пирамидасы емес деп санаймыз және тергеу органы бес жыл бойы компанияның қаржы пирамидасы екенін дәлелдеген жоқ. Іс материалдарында олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанын көрсететін бірқатар объектив дәлелдер бар. Тергеу органы мұны жоққа шығарды және істі біржақты, айыптау үкімімен тергеді", - деп түсіндірді Рахманов істі қайтару себептерін.
Журналистің компания басқа елдерде жұмыс істей ме деген сауалына заңгер нақты жауап бере алмады.
Ол жеке тұлғалардың ешқайсысы компанияға құқық қорғау органдарына арыз жазбағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также