ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2021 | 12:26
Сот Сәтбаев қаласындағы педофилдерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қарағанды облыстық сотының сот алқасы Сәтбаев қаласындағы педофил-жұбайларға қатысты үкімнің күшін жоюға еш негіз таппады. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облыстық сотының сот алқасы Сәтбаев қаласындағы педофил-жұбайларға қатысты үкімнің күшін жоюға еш негіз таппады. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қарағанды облыстық соты П. мен жұбайына қатысты Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталғандардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен расталады. П.-ға өмір бойы бас бостандығынан, ал оның жұбайына 22 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, жасаған қылмыстарының ауырлығын ескере отырып, бас бостандығынан айыру әділетті деп саналады", - деп атап өтті Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бес жасар қызды аяусыз зорлау оқиғасы 2020 жылдың шілдесінде Сәтбаев қаласында болды. Бала Сәтбаев қаласына ата-анасымен бірге келген. Ересектер үйде болған кезде қыз аулада жүрген. Дәл сол кезде баланы үй тұрғындарының бірі байқап, оны алдаған. Қызды байлап, көршілерін (ерлі-зайыптыны) шақырған. Көршілер келіскен. Ер адамдар зорлық-зомбылық жасап, ал әйел қызға психотроптық препарат салған.
Сәтбаев қаласында жоғалған сәбиді бүкіл қала болып іздеді. Оны кейін педофилдің пәтерінен тапты. Қылмыс жасаған адамды полиция пәтерден алып кетті. Халық оны тергеусіз сотқа беруді, яғни сот шешімінсіз жазалауды талап етті. Сол түні Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Кейін ұсталған азаматтың уақытша ұстау изоляторында суицид жасағаны белгілі болды. Оған қатысты іс тоқтатылып, сот істі қарамады.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның көршілері, Сәтбаев қаласының тұрғындары - ерлі-зайыпты ұсталды. Алқабилер соты ерлі-зайыптыны зорлау және кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін кінәлі деп тапты. Мас күйде қылмыс жасау сотталушының іс-әрекетін ауырлататын мән-жай ретінде қаралады. Істі жеңілдететін өзге мән-жайлар анықталған жоқ. Оған төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушыны өмір бойы педагогикалық қызметтерді және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Кейінірек олардың апелляциялық шағым беріп, жазаны жеңілдетуді сұрағаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также