ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2022 | 09:06
Сотта Біртановтың ісі бойынша денсаулық сақтау вице-министрінен жауап алынды
Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша өткен сотта денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев куәгер ретінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша өткен сотта денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев куәгер ретінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Сотта вице-министр 2018 жылы ақпараттандыру платформасын қабылдау кезінде комиссия мүшелері оның жұмысына қатысты ескертулер жасағанын түсіндірді. Әзірлеуші - шетелдік Ericsson Nicola Tesla компаниясы - 2021 жылдың қарашасына дейін банк кепілдігінің әрекет ету мерзімі ішінде оларды жоюға міндеттеме алған.
Бұған дейін сотта Денсаулық сақтау министрлігі өкілі, Заң департаменті директорының орынбасары Серікболсын Темірхановтан жауап алынған болатын. Оған қорғаушының сұрақтарына жауап беру қиынға соқты.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші не себепті Денсаулық сақтау министрлігінің қабылдау комиссиясының 21 мүшесінің екеуінің ғана үстінен сотқа шағым түсіргенін түсіндіре алмады.
Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.
Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также