03 қаңтар 2019 | 15:03

Сотта Денис Тенге жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды

Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ ұрған. Бұл туралы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот процесі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ ұрған. Бұл туралы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот процесі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушыл Қуандық Досов оқиғаның қалай өрбігенін толықтай айтып берді. 

Реклама
Реклама

"2018 жылы маусымда бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатымен сотталушы Құдайбергенов Шагабутдинов Шевченко көшелерінің қиылысында тұрған Жаңқабаевтың Lexus көлігінің айнасын алып кеткен. Осылайша оған 608 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Өзінің қылмысын жасыру мақсатында ол айналарды Шаңырақтағы сайға лақтырып кеткен.

Сонымен қатар, Құдайбергенов 11-шілдеде заңсыз жолмен ақша табу мақсатында Астанадағы күйші Дина көшесінде Шəмшиевтің көлігінің айнасын шешіп кеткен. Осыған байланысты Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша айып тағылды.

Кейін Қиясов пен Толыбаева, Құдайбергенов үшеуі Магнум сауда үйінен ас үй пышағын, қолғап сатып алған. 19-шілде күні Құрманғазы көшесімен шығысқа қарай Байсейітова көшесіне қарай LEXUS 708 02 нөмірлі көлігінің тұрғанын байқаған. Олар көліктерін Достық қонақ үйінің қасына қалдырып, Теннің автокөлігіне қарай жаяу жақындаған. Толыбаева жан-жағына қарап, адамдардың қарасы азаюын, ыңғайлы сəтті күткен. Өз рөліне сəйкес көліктен 7 метр шығысқа қашықта бақылап тұрған.

Құдайбергенов сол сəтте көліктің айнасын шешіп алып, 199 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Сол сəтте Днис Тен Толыбаеваның қасынан байқаусызда өтіп кеткен. Денис Тен көлігінің қасындағы бөтен адамды көріп, айнасына жармаса кеткен. Құдайбергенов сол сəтте Байсейітова көшесіне қарай қаша жөнелген. Тен көп ұзамай оны қуып жеткен. Осы кезде Құдайбергенов пен Тен арасында төбелес басталып кетеді. Құдайбергенов шалбарының белбеуін алып Теннің бетінен ұра бастаған. Қиясов рюкзактан пышақты алып арт жағынан келген. Қиясов өздерінің қылмысын жасыру мақсатында адам өлтіру қылмыстық ой пиғылы пайда болған. Құдайбергенов Тенді ұстай тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақ салды. Тен алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", - деді мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досов.

Іс бойынша айыпталушылар - Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Арман Құдайбергенов өзіне тағылған айыптарды жартылай мойындады


Фото: Tengrinews.kz

Арман Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағы, 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары және 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Нұралы Қиясовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Жанар Толыбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 434-бабы бойынша айып тағылған. 


© Tengrinews.kz

Қылмыстық істің көлемі - 38 том. 

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанау шеберіне автоұрылар қылмыс үстінде ұсталып, шабуыл жасаған. Оқиға Құрманғазы және Байсейітов көшелерінің қиылысында болған. 

Мәнерлеп сырғанаушыға қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен "қоғамдық құқықтық тәртіпті орнатуға белсенді атсалысқаны үшін" медалі берілді. 

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная