01 сәуір 2022 17:29

Сотталған ер адам қарнын жарып тастады: БҚО прокуратурасы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

БҚО прокуратурасы сотталушының тергеу изоляторы камерасында өзін-өзі жаралағанына қатысты пікір білдірді. Қадағалау органы қазір бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО прокуратурасы сотталушының тергеу изоляторы камерасында өзін-өзі жаралағанына қатысты пікір білдірді. Қадағалау органы қазір бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, сотталған Виталий Туренков мемлекет басшысына сот актілерімен келіспейтінін мәлімдеп, үндеу жасаған.

"Бұл азамат сот үкімі бойынша адам өлтіргені үшін 14,1 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның әрекеті қайталануы мүмкін деп танылған. Өйткені бұрын күш қолданып ауыр қылмыс жасағаны үшін (мылтықпен бопсалау, сынған бөтелкені қолданып бұзақылық жасау) екі рет сотталған. Апелляциялық инстанцияның уәждері қанағаттандырусыз қалдырылып, үкім өзгерген жоқ", - деді БҚО прокуратурасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Сотта да үкім түсіндірілген. Онда Туренков елеусіз себеппен адам өлтіргені айтылған.

"Сотталушы балконнан бірнеше ер адам ол бірге тұратын әйелмен таныспақ болғанын көреді. Осыдан кейін ол асхана пышағын алып, көшеге шығып кеткен. Туренков бейтаныс адамдарға жақындап, пышақ сілтеп, жанжал шығарған. Нәтижесінде, сол жерде тұрған ер адамның жүрегіне пышақ сұғып, ол сол жерде қаза болған. Осыдан кейін Туренков жәбірленушіге көмектеспей, бірден қылмыс орнынан қашып кеткен. Оның қылмыстық әрекеті салдарынан марқұмның төрт жас баласы мен қарт ата-анасы әкесіз және асыраушысыз қалды", - деді сот өкілі.

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Мекеме камерасына телефон мен үшкір зат қалай кіргізілгені, ер адам өзіне қалай дене жарақатын салғаны анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram