22 шілде 2022 | 09:49

Сотталушыны пара беруге итермелеген "генерал" ұсталды - Антикор

Дина Шарипханова Корреспондент

Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімі бойынша өзін әскери генералмын деп таныстырған А.Әмрин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте бұрын сотталған адам пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная