28 мамыр 2020 | 12:01

Спорт комитетінің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысында Антикоррупция қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамады

Реклама
Реклама

Сот олардың біріне қатысты бұлтарпау шарасын қабылдап, екі айға қамауға алды. Олар 300 орынға арналған оқу қорпусының құрылысын бөлінген ақшадан 380,8 миллион теңге жымқырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты шешімді сот шығарады деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная