ШҚО-да 11 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Ш?О Ма?аншы ауылында ?ХР азаматы 11 жаста?ы ?ызды зорлама? бол?ан. Баланы саяба??а с?йреп бара жат?ан к?м?нді ер адам жайлы м?ліметті полиция?а жергілікті такси ж?ргізушісі хабарла?ан. Т?ртіп са?шылары ?аск?йді ?ста?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Мақаншы ауылында ҚХР азаматы 11 жастағы қызды зорламақ болған. Баланы саябаққа сүйреп бара жатқан күмәнді ер адам жайлы мәліметті полицияға жергілікті такси жүргізушісі хабарлаған. Тәртіп сақшылары қаскөйді ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға мереке күндері болған. Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген ер адам 11 жастағы қызды зорламаған болған.

"Үржар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша іс сотқа жолданады. Күдікті ер адам 1961 жылғы, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Осы іс бойынша тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сөйтсек, ұсталған адам зардап шеккен қыздың ата-анасының танысы екен. Сол күні ол анасына қызбен бірге дүкенге барып, киім сатып әперуді ұсынған. Айта кетерлігі, ер адам сол кездің өзінде мас болған. Бірнеше сауда орнына кіргеннен кейін ол такси ұстап, қызды алып кеткен. Жүргізушіге саябаққа жеткізуін бұйырған.

"Такси жүргізушісі жолаушыларды апарған. Ер адам мен қыз баланы. Жүргізуші ер адамның саябақ маңында түсіру туралы сөзін естіп, күмәнданған. Осы жағдай туралы ол жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары зорлау әрекеті барысында ер адамды ұстады", - деді жергілікті тұрғын. 

Полицейлер оқиға орнына жеткенде ер адам баланы шешіндіріп үлгерген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары қаскөйді дер кезінде ұстап, қыз аман қалыпты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама