СҚО-да аудандық ІІБ басшысы пара алып жатқан сәтінде ұсталды

Видеодан скриншот

Жем?орлы??а ?арсы ?лтты? бюро ?ызметкерлері Солт?стік ?аза?стан облысында ауданды? ІІБ басшысын ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында аудандық ІІБ басшысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы жеке тұлғадан қылмыстық іс бабын өзгерту мен процессуалдық келісім жасау үшін 500 мың теңге көлемінде кезекті параны алып жатқан жерінде Тайынша ауданының ІІБ басшысы, полиция полковнигі П. Мартынюкті ұстады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметі бойынша, параның жалпы көлемі  1,85 миллион теңге. Күдікті уақытша қамау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама