ШҚО-да белгісіз біреулер отбасы мүшелерін байлап тастап, екі ер адамды өлтіріп кеткен

© bfee.ru

Шы?ыс ?аза?стан облысында ?арулан?ан адамдар жеке ?йге ?ара?шылы? шабуыл жасады. Белгісіздер ота?асына о? атып, отбасыны? ?ал?ан м?шелерін байлап таста?ан. ?кінішке ?арай, ауыр жара?ат ал?ан ер адам сол жерде к?з ж?м?ан. ?ара?шылар ?йден миллион те?геден аса а?шаны алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында қаруланған адамдар жеке үйге қарақшылық шабуыл жасады. Белгісіздер отағасына оқ атып, отбасының қалған мүшелерін байлап тастаған. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған ер адам сол жерде көз жұмған. Қарақшылар үйден миллион теңгеден аса ақшаны алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Көкпекті ауылында болған.

"11 қыркүйекке қараған түні ауылға біреулер шабуыл жасаған. Белгісіздер жеке үйге баса көктеп кіріп, үйдің иесіне оқ атып, жарақаттаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, ал жарақат алған екінші ер адам ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған. Қаскөйлер үйде болған екі әйелді байлап тастап, миллион теңгеден аса ақшаны ұрлап кетіп, оқиға орнынан жасырынған", - деді ШҚО ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, полициядағылар қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобының құрылғанын және ол топта ШҚО ІІД қызметкерлері мен Көкпекті аудандық ІІБ қызметкерлері бар екенін айтты.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкпекті ауданының үш тұрғыны ұсталды. Кейінірек олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта полицейлер адам өлтіру және қарақшылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама