ШҚО-да есірткімен ұсталғандар 11 жылға сотталды

© ҚР ҰҚК

Шығыс Қазақстан облысындағы ҰҚК департаменті есірткі айналымымен айналысқан екі қазақстандықты анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысындағы ҰҚК департаменті есірткі айналымымен айналысқан екі қазақстандықты анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


© ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Бейсембаев пен Ережеповтың 82 келі есірткі өткізбек болған жерінен ұстады. 

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, Ережеповтың гаражында және автокөлігінен тағы 32 келі есірткі мен 855 грамм гашиш тәркіленген", - деді ҰҚК өкілдері. 


© ҚР ҰҚК

Тәркіленген есірткілердің жалпы салмағы - 115 келі. 

20 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Бейсембаев пен Ережепов ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас босатандығынан айырылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама