ШҚО-да орталық аурухананың бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха орталық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол "Халық Банк" АҚ және "Банк Центр Кредит" АҚ-дағы карта шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен мөлшерде - 92 миллион 500 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 27 қарашасында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама