ШҚО-да қарлы боран кезінде болған жол апатынан жүргізуші әйел мен екі жолаушы қаза тапты

© Superomsk.ru

Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран кезінде болған жол апатынан жүргізуші әйел мен екі жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Көкпекті ауданында болған. ІІД мәліметінше, Toyota Camry тізгініндегі 33 жастағы әйел көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, кейін ол Toyota LC 200 автомобилімен соқтығысады.

"Көліктер қарама-қарсы соқтығысқан. Camry жүргізушісі мен екі жолаушы - әйел және ер адам сол жерде қаза тапты. Осы автомобильдің тағы бір жолаушысы және екінші көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама