ШҚО-да ҚР ИДМ өңірлік комитетінің департамент басшысы ұсталды

Шы?ыс ?аза?стан облысы бойынша Индустриалды даму ж?не ?нерк?сіптік ?ауіпсіздік Комитетіні? департамент жетекшісі ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты?-бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің департамент жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық-бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің департамент жетекшісі А. Закирьянов әшкере болған. Ведомстводағылардың айтуынша, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоба құжаттамасына келісім беру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алып отырған. 

"2017 жылдың 12 сәуірінде кәсіпкерден параның 90 мың теңге кезекті сомасын алып жатқан жерінен Закирьянов ұсталып, Өскемен қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Параның жалпы сомасы - 2 миллион теңге", - делінген хабарламада. Тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама