ШҚО-да шіркеуден картина ұрлаған қаскөй ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Көкпекті ауданы Самарское ауылындағы шіркеуден өнер туындысын ұрлаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Көкпекті ауданы Самарское ауылындағы шіркеуден өнер туындысын ұрлаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдікті қаңтардың 15-не қараған түні шіркеу аумағына кіріп, 250 000 мың теңге тұратын картинаны ұрлап кеткен. 

"Көкпекті аудандық полиция қызметкерлері 29 жастағы қаскөйді ұстады. Ол шіркеуден картина ұрлаған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Заттай деректер тәркіленіп, қайтарылды", - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама