СҚО тұрғындарынан әкімдік қызметкеріміз деп 100 миллион теңге алған алаяқтар сотталды

Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин үкімді оқып жатыр

Петропавлда 94 миллион те?гені алая?ты? жолмен тап?андар?а ?атысты ?кім шы?ты. ?кімдік ?ызметкеріміз деп елді алда?ан алая?тар 6, 7 ж?не 8 жыл?а бас бостанды?тарынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда 94 миллион теңгені алаяқтық жолмен тапқандарға қатысты үкім шықты. Әкімдік қызметкеріміз деп елді алдаған алаяқтар 6, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топқа Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып келетін үш әйел адам кірген. Олар Петропавл тұрғындарына кезекке тұрмай-ақ және төмен бағамен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуды ұсынған. Алдымен Петропавлда, кейін ел астанасынан пәтерлер алуға болатынын айтқан, ал бұған олардың қалалық әкімдіктердегі қызметі кепіл болады деп сендірген. Көмегі үшін 4 000-нан 50 000 долларға дейін сұраған. Күткендеріне жете алмаған тұрғындар полицияға шағымданған. 

2015 жылы полиция 28 жастағы Альфия Жүкенованы ұстаған. Ол СҚО тумасы, екі баласы бар жалғызбасты ана. Орта білімді, жеке кәсіпкер болып істеген. Ол үш сотталушының ішінде кінәсін мойындаған жалғыз адам. Ол 6 жыл 6 айға кесілді. Ең қатаң жазаны бірнеше рет алаяқтық жасаған 60 жастағы Сара Тайжанова алды. Қылмыстық топтың үшінші мүшесі Оксана Войдило 7 жылға сотталды. Сонымен бірге оның Аққайың ауданындағы салынып жатқан үйі мен жер телімі тәркіленді. 

Реклама
Реклама

Тәркілеу кезінде сотталушылардың банктік есеп шоттарында тек бірнеше жүз теңге ғана болған. 

Іс бойынша 23 адам зардап шекті. Олар алаяқтарға жалпы көлемде 94 миллион теңге берген. Азаматтар өз қаржысын сотқа арыз бергеннен кейін ғана қайтара алады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама