31 мамыр 2023 15:31

"Субсидия алуға көмектесеміз" деп уәде берген: Алматыда екі ер адам мен бір қыз ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/almaty_police_department

Алматыда шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін субсидия алып береміз деп уәде бергендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін субсидия алып береміз деп уәде бергендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар - үшеу: Алматы облысынан 1991 жылы туған А. есімді қыз, 2000 жылғы Н. есімді және 1995 жылы туған С. есімді ер адам. Екеуі де Түркістан облысының тұрғыны.

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен күдіктілерді ұстады. Шағын бизнеске субсидия алуға көмектесеміз деген желеумен жастар қызметтері үшін ақша алып, уәдесінде тұрмаған. Тергеудің осы кезеңінде күдіктілердің осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады. Күдіктілер қамауға алынды", - деді, Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тергеу ұсталғандардың басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері, күдіктілерді таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарлауға шақырады: 8 (727) 227-55-02 және 8-777-235-55-15.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram