12 қараша 2021 | 12:06

Субсидия саласындағы жымқыру: Түркістан облысында Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізген соталды тергеп-тексеру шаралары аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара малды және шағын кәсіпорындарды жедел және кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен кеден бекеттерінде жүйелі түрде пара алған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бірқатар шенеунік ұсталып, Шымкенттегі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды, деп қосты Антикор.

Реклама
Реклама

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын сыбайлас жемқорлық схемаларын жариялаған болатын. Ол кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелгенін айтты. Қылмыстық жауапкершілікке 450 адам тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная