ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 18:33
Субсидия саласындағы қылмыс: ШҚО кәсіпкері 140 миллион теңге жымқырған
Шығыс Қазақстан облысында 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидияны заңсыз алу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидияны заңсыз алу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
"ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында "Асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан аса асылтұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған. Ұйымдастырушы қамауға алынған. Агенттік тергеу жүргізіліп жатырғанын, басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также