26 қыркүйек 2022 | 18:16

Судья Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты шыққан үкімді түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Астана қаласының судьясы Нұрлан Баяхметов Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының судьясы Нұрлан Баяхметов Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судьяның айтуынша, Сатыбалдыұлы 2018-2022 жылдар аралығында ұрлық белгілерінсіз сенімге қиянат жасау және алдау арқылы "Қазақтелеком" АҚ мүлкі иесіне залал келтіруді ұйымдастырған және оны адамдар тобы Қоңырбаев және АҚ корпоративтік бизнес дирекциясының директоры Муравьевпен алдын ала сөз байласып жасаған.

"Осылайша, Сатыбалдыұлы, Қоңырбаев және Муравьев өз әрекетімен "Қазақтелеком" АҚ-на 12 миллиард теңгеден аса материалдық залал келтірген. Сатыбалдыұлының, сотталғандардың кінәсі мынадай дәлелдемелермен дәлелденді: аудиторлық есептер, куәлардан жауап алу хаттамалары, мамандардың қорытындылары, заттай дәлелдемелер, өзара есеп бойынша бухгалтерлік құжаттар, құжаттамалық тексеру актілері, АҚ пен бақылаудағы сотталған компаниялар арасындағы шарттар мен қосымша келісімдер, жеңілдіктер беруге өкім, орындалған жұмыстар актілері", - деді судья.

Реклама
Реклама

Ол сот отырысында сотталушылар өз кінәсін толық мойындағанын айтты.

"28 миллиард теңгеден аса сомаға мүліктік залал келтіру фактісі бойынша және 12 миллиард теңге толық көлемде өтелді. Сот отырысында қорғаушы тарап прокурормен кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді", - деп толықтырды судья.

Бұл процессуалдық келісімге қол қойылып, сотқа ұсынылды.

Ол ҚІЖК-нің 622-бабына сәйкес, егер барлық сотталушымен іс жүргізу келісімі жасалса және сот іс жүргізу келісімінде көзделгеннен гөрі қатаң жаза тағайындауға құқылы болмаса, сот істі келісу іс жүргізуі бойынша шешетінін түсіндірді.

"Жаза тағайындау кезінде заңның мынадай талаптары, ҚК-нің 52-бабы ережелері басшылыққа алынды, оған сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға тиісті бапта белгіленген шекте әділ жаза тағайындалады. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың сапасы бойынша сот жасалған әрекетке кінәлілердің шынайы өкінуін, келтірген материалдық залалдың толық өтелуін, асырауында жас балалар мен кәмелетке толмаған балалардың болуын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларының қорытындысына белсенді ықпал етуін ескерді.

Жасалған әрекет сипатын, ауырлығы мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстық әрекеттегі эпизодтардың санын, жазаны жеңілдететін жағдайлардың жиынтығын, сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот сотталғандарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау туралы қорытындыға келді", - деп толықтырды судья.

"Сот үкімі бойынша Сатыбалдыұлы, Мұхамеджанұлы және Бекетов ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы көзделген. 55-баптың 3-бөлігі талаптарын назарға ала отырып, бұл жағдайда процессуалдық келісім жасасу кезінде осы адамдарға 6 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Осыған байланысты бұл адамдарға осындай жаза тағайындалды", - деді судья Баяхметов.

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная