Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Ақтөбеде жедел шара кезінде түсірілген видео жариялады

ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖК департаментінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда. Күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама