01 қараша 2021 | 17:50

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операциясы: мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығы саласындағы арнайы операция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығы саласындағы арнайы операция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, ауқымды арнайы операция нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдігіндегі қылмыстық топтар әшкереленген.

"Олар субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, сонымен қатар кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара және заңсыз сыйақы алу бойынша сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, заттай айғақтар алынды, 30-дан аса күдікті анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде істегенін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға келісті", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлікешев.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы саласында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Бұл ақпаратты ведомство растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная