ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2020 | 11:46
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Ақтөбеде жедел шара кезінде түсірілген видео жариялады
ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖК департаментінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
"Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда. Күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan) 13 Янв 2020 в 8:53 PST
Показать комментарии
Читайте также