07 маусым 2021 | 14:04

"Сыйақы жинауды тапсырған". Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директоры сотталды

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Алматыда "Балбұлақ" балаларды оңалту орталығының бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы Медеу аудандық №2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Балбұлақ" балаларды оңалту орталығының бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы Медеу аудандық №2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 2020 жылы 30 желтоқсанда А. төрағалық еткен комиссия отырысында осы мекеменің 22 қызметкеріне сыйақы ретінде 2 331 000 теңге сомасында ақша бөлу туралы шешім шығарылғанын анықтады.

"2020 жылы 31 желтоқсанда А. бухгалтерлеріне жалпы сомасы 939 000 теңге сыйақы жинауды және оны өзіне беруді тапсырған. Осылайша, сот А. өзіне пайда табу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын, бұл мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіргенін, яғни ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын анықтады", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігінің санкциясында мүлік тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту я екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Сот үкімімен А. лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот сотталушы залалды толық көлемде өтегенін, алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылып отырғанын, кінәсін толық мойындағанын және жасаған ісіне өкінгенін ескерді. Сонымен қатар, кінәні ауырлататын жағдайлар жоқ. Осыған байланысты А-ны мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - деп түсіндірді соттағылар.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная